Ауыз су мәселесі шешімін табуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Шиелі ауданына қарасты Бірлестік елді мекеніне сумен қамту жүйелерінің құрылысына аудандық бюджеттен 51 000,0 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, «Сәт-Сервис» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Барлығы 46 124 315,10 теңгеге келісім шарт жасалынып, нысан 2019 жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі.
Аталған нысан бойынша 23 дана гидрант, 40 дана құдық, қыстақішілік 5,257 шақырым, сервистік 3,213 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, 1 Май елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің құрылысына облыстық бюджеттен 92 128,0 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. «РЗА» АҚ жеңімпаз болып анықталып, барлығы 81 672 326,06 теңгеге келісім шарт жасалынды. Бұл нысанда жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі. Аталмыш нысан бойынша 28 дана гидрант, 57 дана құдық, қыстақішілік 7,336 км, сервистік 4,282 км ауыз су құбырлары жүргізілетін болады.
Осылайша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асатын бұл жоба ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйламақ.