Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Облыстық жастар ресурстық орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның ерекшелігі қолына дипломын ұстаған мамандар емес, бірнеше айдан соң университет бітіретін 70 жас келді. Оларға облыс бойынша 21 мекемеден 200-ден аса жұмыс орны ұсынылды.
«Мұндай жәрмеңке бұған дейін жылына бір рет қана өтетін. Жастар жылына орай үшінші мәрте өткізіп жатырмыз. Басты мақсат – жастардың оқу орнын тәмамдаған соң бос жүріп қалмауы. Келіп жатқан жастардың қатары да қалың. Олардың ізденімпаздығы қуантады», – деді орталықтың рекрутинг және бизнес инкубатор бөлімінің аға кеңесшісі Сәдірбек Жұмабеков.
Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесе өткен шарада жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші арасында ашық диалог та болды.