Қызғалдақ туралы 10 дерек
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақ елінің бренді. Ұлы дала топырағының көркі, әсемдік символы.
Қызғалдақ – гүл падишасы. Содан болар гүлдің 18 түрін «Қызыл кітаптан» көруге болады.
1634-1637 жылдары Қызғалдақ валюта ретінде қабылданған. Гүлдің бағасы осындай деңгейге дейін бір-ақ түнде өсіп кетіп, әлемдегі ең қымбат гүл ретінде есептелсе керек.
Қызғалдақты азық ретінде де пайдалануға болады. Екінші дүниежүзілік соғыстың екінші жартысында, нақтырақ айтсақ 1944 жылы нидерландықтар қызғалтақ пен қант қызылшасын талғажау еткен.
Мұсылмандар қызғалдақты «жұмақ гүлі», деп те есептейді.
Түрік елінің мәдениет және туризм министрлігінің логотипінде, Паркинсон ауруы Қорының ресми символында, сондай-ақ қазақы әшекей бұйымдарда, ер-тұрманда, киім-кешекте қызғалдақ бейнеленген.
Қызғалдақтың ең көп сыйға тартылатын түрі – Сарғалдақ. Гүлдің бұл түсі төзімділік пен сүйіспеншілікті білдіреді.
Қызғалдақ сөзінің төркіні «қызғылт дақ». (Ел ауызындағы аңыздарға сенсек батырлардың далада тамған қандарының орнынан қызғалдақ өсіп шыққан. Халық айтса қалып айтпайды. Кім білсін...)
Алғаш Голландияда өсірілген Қызғалдақтың негізгі отаны – Қазақстан. Лалагүлдер тұқымдас гүлдің «Қызыл кітапқа» енген, ең сирек кездесетін 13 түрі біздің далада кездеседі. Сондай-ақ гүлдің 12 түрі тек Қазақстанда ғана өседі.
Қызғалдақтың кей түрін әтір жасауға пайдаланса, ең әдемі түрі – Грейгті бауыр ауруларына қарсы ем ретінде де қабылдайды.
Гербарий жасап, қызғалдақты зерттеумен айналысып жүрген бірнеше ғалымдардың ғұмыры зерттеуден бұрын аяқталған. Соның дәлелі ретінде Александр Леман мен Иван Кирилов есімдері гербарийлік жапырақтар этикеткасында сақталған.