МАМАНДАР ҚАТЕРЛІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕҢЕС БЕРДІ
Тарих, құқық және экономика факультетінің 1-курс студенттері «Біз – салауатты, бақытты жастармыз!» тақырыбында Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен кездесу өткізді.
Жиын барысында мамандар студент-жастарға орталықтың қызметі, психологиялық, медициналық және басқа да көмектер жайлы айта келіп, 14-29 жас аралығындағы жастардың кез келген уақытта келуге болатынын және барлық мәлімет құпия түрде сақталатынын жеткізді.
Сондай-ақ, студенттерге қатерлі аурулардың жұғу себептері, темекінің зардаптары мен алдын-алу шаралары жайлы арнайы дайындалған бейнероликтер арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, психологиялық тренинг өткізді. Қатысушылар мамандарға ортақ сауалдар қойып, пікір алмасты.