«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» бақылау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жиында «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағытындағы үшінші бастаманың аймақта орындалу барысы талқыланды.
Оған тиісті жергілікті басқарушы орган өкілдері, аймақтағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары жетекшілері партия белсенділері, Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Соңғы екі жылда өңірде облыс әкімдігінің қолдауымен 6 колледждің оқу ғимараттары, оқу-өндірістік шеберханалары мен жатақханаларына күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, студенттердің игілігіне пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен 429,0 млн. теңгеге Қармақшы ауданындағы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілмек. Жалпы жатақханаға қажеттілік 1375 орынды ғана құрап отыр»,- дейді облыстық білім басқрамасының бастығы Майра Мелдебекова.
-Қазіргі таңда, облыста 10772 студент біліп алып отырған 3 жоғары оқу орны, 20985 студентті бар 29 колледж жұмыс жасайды. Солардың ішінде 11 колледж студенттеріне барлығы 1375 орынды қамтитын және Қызылорда медициналық жоғары колледжіне қосымша 1 жатақханаға қажеттілік туындап отыр. Жиында облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ерлан Қарабалаев хабарлама жасап, білім сапасын арттыру бағытында департамент тарапынан атқарылған жұмыстарды жан-жақты атап өтті.
«Департамент басшысының айтуынша өткен жылдың 1-ші жартыжылдығында 4 техникалық және кәсіптік білім беру, 11 жалпы орта білім беру және 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ішінара тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысымен барлық 20 білім беру ұйымына әкімшілік іс қозғалып, әкімшілік айыппұлдар салынған.Сонымен қатар, аталған білім ұйымдарының қорытынды актілеріндегі мәліметтер ұлттық білім беру деректер қорына енгізілген мәліметтермен сәйкестендірілді»,- дейді Ерлан Қарабалаев.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы Бақытжан Әбдукаримовтың айтуынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті биыл «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының жеңімпазы атанып, 98,9 миллион теңгенің грантына ие болған. Университеттің білім беру қызметін 7 факультет және оларға қарасты 30 кафедра жүргізеді. Қазіргі таңда университетте жоғары білім беру – Бакалавриатта 64 мамандық, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағытында 30 мамандық, докторантурада 9 мамандық бойынша мамандар даярланады.
«Жалпы 2018-2019 оқу жылы бойынша университеттің күндізгі бөлімінде 3345 студент білім алуда. Оның 607 гранттық негізде. Облыс әкімінің гранты бойынша 361 студент білім алуда. Облыс әкімінің гранты өңірдегі білім, экономика, мәдениет, электроэнергетика, ақпаратттық жүйелер және т.б. салаларын кадрлық әлеуетпен қамтамасыз ету мақсатында қажетті, сұранысқа ие мамандықтарға бөлініп отыр», -дейді Бақытжан Әбдукаримов.
Жиынды Кеңес төрағасы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі директоры Ибадулла Құттықожаев қорытындылап, кеңес мүшелеріне 5 бастаманың әрбір бағытының орындалу барысын ұдайы бақылауда ұстап отыру қажеттігін назарға салды.