Жастар есірткіге қарсы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елбасының Жолдауында:«.....есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек. Бұл тұрғыда аймақта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы шаралар белсенді жүргізіліп келеді. Солардың бірі облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы үгіт-бригадалар сайысы. Шараны Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.
Оған 40 (316 оқушы, студент) үгіт-бригадасы қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, үгіт шаралары мен театр қойылымдары арқылы зиянды әдеттен аулақ болуға шақырды.
Есірткіге 18 – 29 жас аралығындағы жастар тәуелді екен. Ал есірткі салдарынан қылмыстар көбейіп, ВИЧ инфекциясына шалдыққандар саны өсуде. Мұны дер кезінде қолға алмасақ, істің қиынға соғары анық. Сайысқа қатысушылар өмірлерінің мәнді де мағыналы болуы үшін, салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын жеткізді.
Құрылған сайыстық комиссия шешіміне байланысты Сырдария ауданы №35 орта мектебі жеңімпаз атанса, ІІ орынды Шиелі ауданы №252 орта мектебі иеленді. Ал, ІІІ орын Жаңақорған ауданы №52 орта мектебіне бұйырды.
Сайыс нәтижелері бойынша, 18 оқу орнының командаларына бағалы сыйлықтар табысталып, 22 оқу орнының командалары алғыс хаттармен марапатталды.
Фариза ОМАРОВАОған 40 (316 оқушы, студент) үгіт-бригадасы қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, үгіт шаралары мен театр қойылымдары арқылы зиянды әдеттен аулақ болуға шақырды.