Қызылордада жел күшейеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында жауын-шашын, көбінесе қар жауады. Кей жерлерінде тұман, жел күшеюі, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Кызылорда облысында жел күшейюі күтіледі түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, кей жерлерінде шаңды дауыл, танертең және күндіз дауыл күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола облсының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 25 м/с дейін жетіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан, Жамбыл облыстарында танертең және күндіз, Алматы облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с соғады.
Жамбыл, Атырау облыстарында желдің екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.