Түбегейлі жойылуға жататын індет – жемқорлық
Қоғамда кеңінен белең алған сыбайлас жемқорлық мәселесі басты назардан түскен емес. Оның куәсі қоғамның қауіпті дертіне айналған жемқорлық және оның көріністерін алдын-алу мәселелері жыл сайынғы Жолдаулардың күн тәртібінен түскен емес. Сыбайлас жемқорлықпен күрес кез келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударады. Әлемдегі даму әлеуеті жоғары 30 елдің санатына қосылу үшін еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділік сапасын көтеру қажеттігін, бұл ретте 2015-2025 жылдарға дейінгі кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы да қабылданды.
Бүгінгі таңдағы құзырлы мемлекеттік органдар қызметтерінің сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге емес, керісінше сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейтуге бағытталғанын атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - Қазақстанның құқықтық реформасының басымды бағыттарының біріне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ең негізгі және басты шарттарының бірі – профилактикалық жұмыстардың жоғарғы деңгейде атқарылуы.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін ең алдымен халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру қажет, яғни мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан жүргізіліп жатқан құқық түсіндіру жұмыстарының сапасы мен олардың тиімділігін арттыру маңызды.
Әрбір азамат заңмен көрсетілетін қызметтерді алу үшін біреуге ақша беріп немесе таныс іздеу арқылы емес, заң көмегіне жүгінулері қажет екендерін айқын біліп, түсінулері және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік көзқарас танытулары қажет.
Құқық түсіндіру жұмыстары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу бойынша түсіндірулер жүргізу әділет органдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қызылорда облысы әділет департаментімен мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарын түсіндіру, сондай-ақ атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға бағытталған іс-шаралар, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, цифрландыру саясаты төңігеріндегі шаралар жөнінде жүйелі түрде жүргізіліп жатқан құқық түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.
Г.ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ
Қызылорда облысы Әділет департаментінің
бөлім басшысы Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі