Сот актілерін орындау саласында құқықтық қамтамасыз ету шаралары
Бүгінгі күні сот актілерін орындау саласы күрделі өзгерістерге ұшырау үстінде. Сот орындаушылар институты заман ағымына сай қоғамдағы құқықтық қамтамасыз етуде тиісті заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар жасау арқылы жетілдірілуде.
Нормативтік құқытық актілерге енгізіліп жатқан өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін тиісінше қорғау және қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан игі шара.
Мәселен, 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастауы үш жұмыс күні ішінде, лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беру немесе шектеудің күшін жою негіздері туындаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Сонымен қатар, мүлікті тыйымнан шешуді өзге де сот орындаушы жүргізуге құқылы, жеке сот орындаушының шығыстарына аванстық жарнаның мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспау қажет.
Атқарушылық іс құжаттарын өзге аумаққа жолдау кезінде, сол секілді мүліктерге тыйым салу, екінші деңгейлі банктердегі есеп шоттарға тыйым салу секілді атқарушылық іс-әрекеттер енді Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы да жүргізілетін болады.
Д.ШАРАПАТОВ
Жеке сот орындаушлар қызметін
ұйымдастыру бөлімінің басшысы