Цеснабанк атауын өзгертті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап «Цеснабанк» АҚ атауын өзгертті. Екінші деңгейдегі банктің ресми сайты қаржы институты бұдан әрі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ аталады деп хабарлайды.
Банк өзінің мәлімдемесінде құжаттар мен банк карталары cол күйінде қалатынын хабарлады.
Сонымен қатар мәлімдемеде ағымдағы жылы сыртқы жарнамалардың элементтері алмастырылып, Jýsan Bank логотипі мен банктің жаңа өнімдері жазылатынын жеткізді.
«Бәріміз жусанның көктемгі хош иісі – Ұлы Даланың жаңғыруы мен жаңаруының нышаны екенін білеміз. Әлбетте, бұл біздің Отанымыздың иісі, ол дәуірлердің өткенін, бүгінін және болашағын жалғастырады.
Біздің Банктің латын жазулы қазақша жаңа атауы - Jýsan Bank біздің құндылықтарымызды: тұтастығымыз бен ілгері дамуымызды білдіреді» , - деді банктің басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.