Роза Рымбаева алаяққа алданып, қыруар қаржысынан айрылып қалған
Роза Рымбаева алаяқтардың құрбанына айналып, біршама ақшасынан айырылып қалғанын айтып берді. Халық әртісі ол адамның бүгінгі таңда түрмеге түскенін де жасырмады деп жазады Аман Тасығанның "Talk Like" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Талай рет алаяқтардың құрбаны болдым. Өте үлкен қаржыға алдандым. Ол кісі қазір түрмеде отыр. Алданған жалғыз мен емес, 40 шақты адам.
Енді оның атын жариялап, айтпай-ақ қояйын. Үлкен қаражат. Шамамен де айтпай-ақ қояйын.
Әйтпесе елдер "Мына Рымбаева неменеге жылап отыр? Миллионер екен ғой" деп ойлайды. Мен енді өнер адамы болғаннан кейін бизнесмен емеспін. Күнде тойда жүрген әнші емеспін. Мен үшін ол үлкен қаржы", - деді халық әртісі.

Сондай-ақ, Роза Рымбаева өнер адамдарының неліктен істі болатынын да ашып айтты.
"Көбінесе біздің адамдар алданып қалады. Аңғалмыз. Өзіміз өмірге қалай таза көзбен қараймыз, қарсы алдымызға келген адамды да солай қабылдаймыз", - дейді өнер иесі.