Қазақ қыздары қайда барады?
Ұстаз өзінің шәкіртімен мақтанады. Сондай шәкіртім Америкада тұрмыс құрыпты, көңілім құлазып кетті. Қазалының қараторы қызы Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орнын бітірген соң, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуың аяқтағасың АҚШ-та қалды, сол жақта қызмет істеп жүрген. Шәкіртімді талай белесті бағындырады деп мақтанып жүргенімде, мұхиттың аржағындағы құрлықта тұрақтап қалатын болды.
Ұлты латын американдық жігітке күйеуге шығарда менімен құрдас әкесі мен анасы қарсы болды. Олардың қолынан не келсін, қызының таңдауы сол болса. Жүрекке әмір жүрмейді деп қоюға да болар еді. Жақында «Фейсбук» желісінде қара түсті күйеуімен түскен фотосуретін біреулер жариялапты, айыптаушылар жетіп артылады. Осы жағдай қолыма қалам алуыма себеп болды және қазақ қыздарының басқаларға тұрмысқа шығуы көбейіп бара жатқаны жаныма батады. Қыздарымыз түрікке үйленсе «Е, әйтеуір мұсылман ғой» дейтін болдық.
Аралас некеге халқымыз қашан бой алдырды десек, тарихшы ретінде айтарым ХХ ғасырдың басында басталды. Ол кезде татар халқындай емес, қазақтар қыздарына білім алып беруге мүлдем құлықсыз еді. Ал, ауқаттылар ұлдарын Омбы, Троицк, Томск, Орынбор, Уфа, Қазан қалаларында оқытты. Сол кезде «Қазақтың бір баласы оқуға түсті дегенше, татардың бір қызының бағы ашылды десеңізші» деген мақалдан бетер сөз қалыптасты. Осы жерде татар қызына үйленген қазақ зиялыларын тізіп айтпай-ақ, дауылпаз ақынымыз Сәкен Сейфуллиннің бірінші әйелі татар қызы Кабира болғанын айтсақ та жеткілікті. 1917 жылы кеңес өкіметі орнағананан кейін қазақ балалары Москва мен Ленинградағы рабфактарда, кейіннен институт пен университетте оқи бастағасын, өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары қазақ зиялылары орыстың қыз-келіншектеріне үйленуді үрдіске айналдырды. Жағдайды теңестірмекші болып М.Әуезов, Ә.Марғұлан, А.Жұбановтар бастама көтергесін, 1944 жылы соғыс жүріп жатса да Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің №457 Қаулысымен Қыздар пединститутты ашылды. Институтты ашарда сөз сөйлеген М.Әуезов: «Бұл оқу орны қазақ қыздарының шамшырағына айналады, шамшырақтың сәулесі ешқашан сөнбесің» деген болатын. Соғыстан кейін қазақтың оқыған қыздары да ерлерден қалыспай өзге ұлт өкілдеріне күйеуге шыға бастады. Қазақcтанның Халық суретші, «Ботакөз» фильміндегі басты рөлді сомдаған Гулфайруз Ысмайловаға Мұхтар Әуезов: «Қазақтың сұлу қызысың, неге орысқа күйеуге шықтыңыз» дегенде, ол да әзілдеп: «Сіздің де әйеліңіз орыс емес пе?» деп жауап қайтарады. Сонда Мұхаң: «менің әйелім орыс болғанымен, баламның ұлты қазақ деп жазылады ғой» деген екен. М.Әуезов: «Ел болам десеңіз, бесігінді түзе» дегенді босқа айтқан жоқ еді ғой.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін «Қазақстанда интернационалдық тәрбие өз дәрежесінде емес» дегенді ойлап тауып, Кремльдің сойылын соққан Қазақстан компартиясының бас идеологы Зақаш Кемалидинов аралас некені барынша насихаттады. «Интернационалдық тәрбиенің жарқын көрінісі» деп, орысқа күйеуге шыққан қазақ әйелдері телеарна мен баспасөз беттерін бермеді. Сонда қазақтың бір зиялысы «Қазақтан ғана қазақ туады ғой» деп айта алмады.
Бұл енді отыз жыл бұрынғы жағдай десеңіз, қазірде ұлттық тәрбиенің барысы мәз емес. 2014 жылы Астанадағы «Каспий банк» өз салымшыларын көбейткісі келген мақсатпен ұлты испан Голливуд жұлдызы Антонио Бандересті жарнама үшін әдейі шықыртты. Суретте қазақтың сары қарын бәйбішесі Бандересті құшырлана құшақтап, «бақыттан басы айналып» көзін жұмып алыпты. Сірә өзінің күйеуін олай құшақтамайтын шығар. Ұлтымыздың ары мен намысы қайда?
Тарих ғылымының кандидаты Жұмамұрат Шәмші «Жас Алаш» газетіне бір келеңсіз оқиғаны көргенін жазыпты: «Таяуда Астанадан Алматыға жұмыс бабымен пойызбен жүріп кеттім. Купеде үш әйел бар. Соның бірі елуден асқан үш қыздың анасы Дәмелі әпкенің сөзі мені қатты ойландырды. Дәмелі бір ауыз қазақша білмейді екен. Санкт-Петербургтен Алматыға Сергей деген орыс бизнес туралы лекция оқуға келе жатыр екен. Соған 15 мың теңге төлеп, лекциясын тыңдамақшы. Сол Сергейді журналдан көріпті, суретін бізге көрсетіп: «Боже! Какой мужчина! От тебя хочу сына и еще хочу дочку и точка!» деп өлеңдетті. Сергей кеттік десе, күйеуін тастап, дайын тұрғанын сөздерінен байқадым. Өзінің күйеуін мақтамайды. Таңқалдым».
Менің ойымша «Боже!» деуіне қарағанда христиан дінін қабылдағаны да көрініп тұр. Өзінің үш қызына үлгі болар қазақ әйелінің бүгінгі сиқы осы болса жетіскен екенбіз. Сөзім құрғақ болмауы үшін статистикалық деректі келтірсем, 2014 жылы елімізде қиылған 144 мың некенің 8300-і аралас неке екен. Аралас некеге тұрғандардың 50 пайызы ресей азаматтары, содан кейінгі орындарда қытай, түрік, өзбек, қырғыз жігіттері ептілік танытуда. Бұл жерде басқа ұлт қыздарына үйленіп жатқан қазақ жігіттері де бар екендігін жоққа шығармаймын. Қазалы қаласынан шыққан, олимпиада жүлдегері Марина Вольнова қазақтың Қажымұқан есімді жігітіне күйеуге шығып, ұлды болды.
Қазақстан демократиялық, құқықтық, зайырлы ел болғандықтан аралас некеге ешкім тыйым сала алмайды, бірақ оған жарнама жасамағаны дұрыс болар еді, әзірше олай болмай тұр ғой. Қызылордадағы «Қайсар» футбол командасының легионер ойыншысы қара нәсіл Момуту Кулибали қазақ қызына үйленгені үшін облыстың сол кездегі басшысы арнайы құттықтады. Кейбір қу тілділердің: «есімі де, қазақшаға келінкірейді екен» дегендері болды, әйтеуір жеңіл автокөлік немесе пәтер кілтін бермегеніне қуандық. Әйтпесе, қазақ қызына үйленгісі келетін африкалықтар Қызылорда қаласында көбейіп кетер еді. «Facebook» әлеуметтік желісінде Б.Тоханұлы өз парақшасында: қытай телеарнасында көрсетілген «шектен шыққан әлем» (31.07.2015) бағдарламасында: «Қазақ қыздары тым көп, тұрмыс құру бас ауруға айналған» дей келе, «қыздардың жігіттерден көп екендігіне дәлелдер келтіреді» делінген. Қытай елі волейболшы қызымыз Сабина Алтынбекованың сұлулығын дәріптеудің астарында жымысқы саясат жатқандай. Жүз миллионнан астам Қытайдағы бойдақтар назарын қазақ қыздарына аударып отырған жоқ па деген ой келеді.
Қазақ қыздарының Қытай жігіттеріне күйеуге шығуына күнде көрсетіліп жатқан осы ел сериалдарының да әсері бар. Қазақ қызымен некесі қиылған қытайлық біздің мемлекетіміздің азаматы атанады, әрі дүниеге келген баласының ұлты қытай деп жазылады. Нақтырақ айтқанда «екі қоянды бір оқпен атып алады». Мал екеш мал да, өз тектілігін сақтайды,әсіресе жылқы малы. Айғыр еркек құлынды тайға аналған кезде, өз төлдерін үйірден қуып шығады, қайтып келсе шайнап тастауға дайын, олар бөлек саяқ жайылуға бейімделеді. Жаугершілік заманда жеңіліс тапқан елдің қызын қатың қылып алып, қорлайтын болған. Бұл туралы Ақтамберді жырау:
Аңдысып жүрген дұшпаның,
Айттырса, бермес сұлуың,
Аппаақ қылып маңдайын,
Бұғақ қылып таңдайын.
Қиылдырып қастарын.
Тегін олжа қылар ма екенбіз? – деп өз күдігін жырлап өткен болатын.
Өзгелерге қыз беру ол да жеңілу белгісі. Аралас некені қызының болашағын ойланған ана ғана болдырмайды, олай болмаса әкесі «тірілей өледі». Осы жерде жазушысы Асқар Алтайдың «Көзімнің қарасы» деген әңгімесі еске түседі. Қытай жігітіне күйеуге шықпақшы болған көзінің қарашығындай жалғыз қызы Самалды әкесі Рамазан атып өлтірді. Бұл өмірде нақты болған оқиға, Рамазанның прототипі де бар. Ол 1980-2001 жылдары Шыңжан Ұйғыр Автономиялық Республикасын басқарған Жәнәбіл Смағұлұлы деген қазақ азаматы, қытай жігітіне тұрмысқа шықпақшы болған жалғыз қызын «күйеу баласының» көзінше атып тастағасын сотталып, қытай түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Осы Жәнәбіл Смағұлұлының жасаған ісі қазіргі уақытта «Фейсбук» желісінде қызу талқыланып жатыр, жасаған әрекетін ерлікке теңеушілер ілегі өте көп. Арасында айыптаушылар да бар, Алматыда тұратын қазалылық белгілі ақын қыз (есімің атамай-ақ білесіздер) «Неткен жабайылылық» деп әкесің айыптады. Бұған шыдамаған мен де: «қызың өте жақсы көргендіктен, әрі қытайға қимағандықтан сондай қадамға барған жоқ па?» деп жауап жазып жібердім, жауап қайтарған жоқ Соңғы жылдары батыстан келген ақпараттық экспанция өз нәтижесін бере бастағандай. Аралас неке туралы кино да көптеп түсіріле бастады. «Қазақфильм» түсірген «Махаббат тәлкегі» фильмін көрсеңіз төбе шашыңыз тік тұрады. Басты рөлдегі Әселді- Әсел Сағатова, Иванды-Алексей Чадов ойнайды. Фильм желісі былай: қазақтың жезөкше қызы Әсел құрбылармен ойнап отырып кафеге бірінші болып кірген еркектің басын айналдыруға бәстеседі. Осылайша Иванмен кездейсоқ танысып, ұнатып, ең соңында үйленіп тынады. Төсектегі Әсел әректін көріп төмен қарадық. Режиссер Аманжол Айтуаровтың «Дала экспрессі» фильмінде француз жігіті теміржол бекетінде тұратын қазақ қызымен танысып, Францияға алып кетеді. Фолькер Шледорффтың «Ұлжан» (Қазақстан, Германия, Франция бірігіп түсірген) фильмінде де Хантәңірінің басына шығуды армандап келген француз альпинисі басымызға шығып, Ұлжан қызымызды алып кетеді. «Астана –менің махаббатым» телесериалында қазақ қызы түрікке күйеуге шықса, қазақ жігіті түріктен әйел алып, тең түседі. Әмір Қарақұловтың «Ғаламтордағы махаббат» фильмінде қазақ қызы интернет арқылы орыспен танысып, қосылады.
Жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ бойындағы таза қан, өзге ұлт қанымен араласқанда маңызын жояды, ұлтымыздың болашағына қауіп төндіреді. Қазақ қыздары қайда барады деген сауал осындайдан туындап отыр. Мақаламның соңында орыстың қыз –келіншектеріне үйленген қазақ зиялыларының тізімін жариялап отырмын: Мемлекет қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов және Елена Яковлевна, Мұстафа Шоқай және Мария Яковлевна, Әлиби Жанкелдин және Елена Афанасьевна, Нәзір Төреқұлов және Нина Александровна, Тұрар Рысқұлов төрт әйел алған біріншісі Татьяна Владимировна Колосовская, екіншісі Надежда Пушкарева, үшінші Вера Ивановна Дергачева, бірінші және үшінші әйелдері өздері туған балаларын тастап кетуіне қарағанда Ресей үкіметіннің бірінші орынбасары болып тұрғанда Т.Рысқұловқа атақ пен ақша үшін үйленді деген сөз рас сияқты, төртінші әйелі жартылай қазақ Әзиза болған кездері бесінші рет орыс әншісі Регина Лазероваға да үйленбек болған, бірақ репрессияға ілініп кетті. Нұртас Оңдасынов және Валентина Васильевна, Жанша Досмұхамедов және Ольга Колосовская, Ораз Жандосов және Клавдья Антоновна, Михаил Есенәлиев және Мая Ивановна, Әкежан Қажыгелдин және Наталья Николаевна. Кеңес Одағының Батыры: Бауыржан Момышұлы алты рет әйел алған екінші әйелі әдебиет сыншысы Вера Строева, үшінші әйелі киноактриса Клавдия Коркина осы әйелден туған қызы Елена Бауыржанқызы қазір Москвада тұрады. Ақын- жазушылар: Ахмет Байтұрсынов және Александра Иванова, Жүсіпбек Аймауытов екі рет үйленген, екеуі де орыс ұлтынан біріншісі Вера Николаевна, екіншісі Евгения Кирилловна, осы туралы Сәбит Мұқанов әзілдеп: «Жүсіпбектің орыс қатынының өресі биік Ростов жылқысы сияқты» деп жиі әзіл қағыстырған көрінеді. Мұхтар Әуезов және Валентина Николаевна, Қалижан Бекхожин және Валентина Иванова, Жұмағали Саин және Катерина Михаиловна, Сафуан Шәймерденев және Наталья Ивановна, Мыңбай Рәш және Сталина, Олжас Сүлейменовтың әйелі Маргарита Владимировна туралы мәлімет мардымсыз, тек отбасында мұсылман мен христиан діни мерекелері қатар тойланатыны белгілі. Кино режиссерлер: Мәжит Бегалин және Олеся Ивановна, Султан Қожықов және Александра. Киноактер: Нұрмахан Жантөрин және Маргарита Викторовна, Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов және Надежда Николаевна. Суретшілер: Орал Таңсықбаев және Елизавета Яковлевна, Әмен Хайдаров және Валентина. Ғалымдарымыз : Қаныш Сәтбаев және Таисия Алексеева, Ишан Қарақұлов және Надежда Кузьмичина. Композитор: Бакытжан Байкадамов және генерал И.В.Панфиловтың қызы Валентина. Ғарышкерлеріміз: Тоқтар Әубәкіров және Татьяна Михайловна, Талғат Мұсабаев және Виктория Вольдемаровна, атақты ән кейіпкері Дударай деп аталып кеткен Дүйсен және Мария Егоровна, эстрада әншілері Сейфуллин Жолбарыс пен Екатерина Лилуя, марқұм Батырхан Шөкенов москвалық орыс қызы Екатерина Шеляковамен азаматтық некеде болып Мақсұт есімді ұл тәрбиеледі
Бұл тек орыстың қыз-келіншектеріне үйленген қазақ зиялылары ғана, ал басқа ұлт өкілдеріне үйленгендер де жетіп артылады.
Бақытжан Түменбаевтың «Facebook» парақшасынан