«Ұлт тағдыры» қозғалысы президенттікке үміткер ретінде Әміржан Қосановты ұсынды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Саясаткер Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Бұл туралы бүгін «Ұлт тағдыры» қозғалысының Алматыда өткен құрылтайында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырысқа облыстардан делегаттар жиналған. Күн тәртібінде кезектен тыс президент сайлауына кандидат ұсыну жайы қаралды.
Әміржан Қосанов - белгілі оппозициялық саясаткер. 9 сәуірде Қ.Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялағалы бері әлеуметтік желі қолданушылары Қосановты сайлауға түсуге шақырып келеді. Саясаткер бүгінге дейін өзінің нақты ресми шешімін жария етпеген болатын.
«Бүгін біз сайлауға қатысатынымызды жариялаймыз. Екіншіден, үміткер ретінде белгілі саясаткер, 20 жыл бойы саясатпен айналысып келе жатқан Әміржан Қосанов «Ұлт тағдыры» атынан сайлауға түседі»,- деді «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері Дос Көшім.