Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 27 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Ешкімге ұқсамайтын өз стиліңіз бар. Бірақ кейде асыра сілтеп жібересіз. Бұл қылығыңыз көпшілікке ұнамауы мүмкін. Кейбір жағдайды түзету үшін қолданған қулығыңыз жақсылыққа апармайтынын түсініңіз.
Торпақ
Қуаныштан төбеңіз көкке жетеді. Көп нәрсеге қызығушылық танытасыз. Өмірден ләззат аласыз. Материалдық жағдайыңыз жақсара түседі. Сіз өте сезімталсыз және біреудің көңіленен шығамын десеңіз, оған да қол жеткізесіз.
Егіздер
Қызықты күнді бастан өткізесіз. Жан-жақиылығыңыздың арқасында жолыңыз болып, сәттілік серігіңізге айналады. Түске дейін шығармашылықпен айналыссаңыз табысты боласыз. Арасында демалуды да ұмытпаңыз.
Шаян
Жағымды күн. Көңіл-күйіңізді ештеңе бұза алмайды. Жұмыста табысты болуға мүмкіндік туып тұр. Ол үшін өзіңіздің кәсіби маман екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет. Яғни, сізге берілген тапсырманы толық орындап шығуыңыз қажет.
Арыстан
Жемісті күн. Күш-қуатыңыздың тасығаны соншалық жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Бүгін жаңа жұмыс бастауға, келіссөздер жүргізуге қолайлы күн. Сіздер бүгін барлық жағынан оң шешім шығара аласыздар.
Бикеш
Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Рухани байисыз. Көптен бергі армандарыңыздың бірі орындалады. Сонымен қатар бүгін сіз күтпеген оқиғалар орын алады. Сізге толыққанды демалыс қажет.
Таразы
Өз ісіңізде белсенділік танытасыз. Сауда жасауда жолыңыз болады. Бүгін жаңа таныстықтар орын алады. Не болмаса өмір сүру дағдыңызды өзгертетін жаңалық естейсіз. Бүгін маңызды шешім қабылдайсыз.
Сарышаян
Саяхатқа дайындалыңыз немесе аз уақытқа демалыс алыңыз. Кез келген адаммен тіл табысасыз. Ашық жарқын мінезіңізбен көпшіліктің көңілін жаулап аласыз. Отбасындағы кейбір мәселелерді нақты шешу қажет.
Мерген
Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Жақындарыңыздың көңілін көтеруге тырысыңыз. Демалыста оларды қыдыртып, бой сергітіңіздер. Отбасылық демалыс барлығыңызға жағымды әсер қалдырады.
Тауешкі
Күдік пен қызғанышқа толы күн. Бұл көбінесе басы бос тауешкілерге арналады. Олар өзінің басы бостығын нағыз бақыт деп қабылдауы мүмкін. Алайда сіздер қатты қателесесіздер.
Суқұйғыш
Өз ұстанымы бар, мақсатқа жетуге деген талпынысы жоғары суқұйғыштар кәсіптің жаңа түрін бастауға көшеді. Бойында күш-қуаты мол жандар өз саласында жетістікке жетеді.
Балықтар
Армандарыңыз тез орындалмады деп қапа болмаңыз. Бүгін күнделікті тірлікті ғана атқарыңыз. Жоспар құрып немесе жаңа іс бастамағаныңыз дұрыс. Дұрысы үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн.