Жел, жауын, бұршақ - жұмаға арналған ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, орталығында -қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Қызылорда облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Павлодар облысында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.