Білім ордасының ұжымы «Nur Otan» партиясы съезінің шешімін қолдайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің шешіміне қолдау білдіру туралы жиын өтті. Колледж оқытушылары мен студенттері бас қосқан жиында кезектен тыс Президент сайлауының өту маңыздылығы туралы айтылды.
Колледж директоры Ибадулла Құттықожаевтың айтуынша еліміз Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен айтарлықтай жетістікке жетті.
«Экономикамыз дамып, халықымыздың әлеуметтік жағдайы түзелді. Ең бастысы бірілгі бекем, дамуы тұрақты мемлекет ретінде дүние жүзіне танылдық. Осы орайда Елбасының саяси жасағы ретінде «Nur Otan» партиясының да өзіндік орны бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан, біздің колледж ұжымы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің кезектен тыс Президент сайлауына өз кандидатын ұсыну туралы шешімін толық қолдайды»,- деді Ибадулла Құттықоджаев.
Жиын барсында колледж оқытушылары биыл сайлауға алғаш қатысқалы отырған студент жастарға сайлаудың маңызы мен ережелері туралы түсіндірді.
«Әрбір жас қоғамда болып жатқан кез келген қоғамдық мәселелерге бей-жай қарамауы тиіс. 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Сондықтан, мәңгілік ел болуға ұмтылған жасампаз елдің жастары алдағы саяси науқанда жастық жалын жігерін көрсетіп, тарихи оқиғаның жай куәгері ғана емес, қайнаған жұмыстың ортасында жауапкершілік танытып, ел мүддесі, тұрақтылығы үшін бір кісідей сайлауға қатысуы қажет», - деді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайдулла.
Жалпы жиын соңында коледж ұжымы бір ауыздан «Nur Otan» партиясының ХІХ съезінің кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ұсыну туралы шешімін қолдайтындықтарын айтты.