Қызылордада тұрғындарға 15 млн теңге шығын келтірген алаяқтар сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада тұрғындардан ақшаны алдап алған алаяқ пен оның сыбайласына қатысты сот үкімі шықты.
Алаяқтардың қылмыстық ісі Қызылорда қалалық №2 сотында қаралды. Жәбірленушілерге 15 млн теңге көлемінде шығын келтірген алаяқтар жоспар бойынша жұмыс істеген. Жәбірленушілер арасында 3 млн теңге көлемінде ақшасынан айрылғандар бар.
Дегенмен оңай жолмен олжа іздегендер алысқа бара алған жоқ. Жасаған қылмыстары үшін сот алдына келді.
Сот залында алаяқтық жасаған жігіт өз ісіне өкінетінін жеткізді. Жәбірленушілер алдында кешірім сұрады.
Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Балғабай Жаңабаев оқыған үкім бойынша алаяқ 4 жыл 6 ай уақытын түрмеде өткізетін болды. Ал оның сыбайласына 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.