Қызылордада жүргіншілер жолында көлік адам қағып кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Абай даңғылында «Mercedes-Benz 280» маркалы жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл оқиға жергілікті тұрғынның жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кезінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соның салдарынан жаяу жүргінші жарақат алған. Ол қалалық аурухананың трамватология бөлімшесіне жатқызылды.
«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеудің басқа деректері жария етілмейді», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.