Облыстық музей халыққа тегін қызмет көрсетуде
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Абзал и К» толық серіктестігі қала тұрғындары мен қонақтарын Сыр өңірінің тарихын танып, этнографиясымен танысуға шақырады. Белді компанияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Өз жеріңді танып біл» атты акция ұйымдастырылуда. Акция барасында 22-26 сәуір аралығында облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты қалалық филиалдар халыққа тегін қызмет көрсетеді.
Қайырымдылық акциясының алғашқы күнінде қаладағы М.Сужиков атындағы №6 мектеп оқушылары, көпбалалы ата-аналар және жалпы қала тұрғындары музей экспозицияларын тамашалады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары тарихи-өлкетану музейін тамашалап, аймақтың тарихымен танысуға демеушілік жасап, мүмкіндік беріп отырмыз. Компанияның 25 жылдығы қарсаңында мұнан да басқа шараларды ұйымдастырып жатырмыз. «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп «Эко-интеллект» жобасын қолға алдық. Яғни, жастар мен қала тұрғындары демалыс күндері жиналып қаламыздағы тарихи ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргіземіз», – дейді «Абзал и К» ТС директоры Мағжан Ерәлиев.