Қызылорда облысында ангиографиялық 2 зертхана ашылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 41 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
8 дәрігерлік амбулатория мен 2 емхана салу және озық үлгідегі 11 медициналық құрылғы алуға 21 миллиард теңге жұмсалмақ. Бизнес өкілдерімен бірлескен меморандум шеңберінде 2 ангиографиялық қондырғы облыстық медициналық орталық пен Қазалы аудандық ауруханасында орнатылады.
Жаңа машиналар дәрігердің барынша инновациялық тәсілдерді қолдануына мүмкіндік береді. Рентген жүктемесін азайтып, науқас операция үстелінде аз уақыт жатады. Ангиографиялық зертханалардың құрылуымен жүректегі, мидағы және ішкі ағза мүшелерінің майда тамырларын анық көруге мүмкіндік пайда болады. «Оңалту бағдарламасы да жеңіл өтеді», – дейді мамандар.

«Ескі ангиограф құрылғысында жылына 2, 2 жарым мың операция жасалса, жаңа апаратта арифмологтар, нейрохирургтер, эндовоскулярлық хирургтердің операция 2 есе көбеймек», - дейді хирург Алмас Әбілпатта.
«Бұл құрылғы 250 мың тұрғынға шаққанда 1 қондырғы болу керек. Ал осы қондырғымен түгелдей жабдықтасақ, облыстың қажеттілігін толықтай жабамыз», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов.
Жүрек қан-тамыр дертіне шалдыққандарға дереу емдік шаралар жүргізуде тиімділігі жоғары аппараттармен алдағы мамыр айында алғашқы операция жасалады. Ауыл-аймақта тұратын сырбойылықтардың да медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында денсаулық сақтау нысандары көптеп салынып жатыр.«2017-2018 жылдары осы бағытта жалпы құны 1 млрд 178 млн теңге болатын 1 қалалық емхана іске қосылды және 3 дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. 2019 жылы 9 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов.
Сондай-ақ өңірде онкологиялық бөлімшесі бар көпбейінді 300 төсектік аурухана салынады. Сырдарияның сол жағалауынан бой көтеретін нысан да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереді.