Жалағаш ауданының әкімі батыр аналарды марапаттады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев батыр аналарға "Алтын" және "Күміс" алқа наградаларын табыстады. Оның алтауы "Алтын алқа", он төрті "Күміс алқа" иегері.
Аудан әкімдігінің дерегінше Жалағаш ауданында 1068 көпбалалы аналар есепте тұрады. 2019 жылдың сәуір айында 180 отбасының 1061 мүшесіне 14393,5 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. 2018 жылдың қалдығы бойынша 143 отбасының 677 мүшесіне 11126,7 мың теңге, барлығы 278 отбасының 1612 мүшесіне 25520,2 мың теңге тағайындалып, 21989,1 мың теңге төленіп отыр.
«Тәңірдің бізге ұсынған үлкен сыйы - Тәуелсіздік болса, басымызға қонған осы бақтың баянды болуына әйел-аналардың қосар үлесі қомақты дер едім. Бұл ең бірінші ұрпақ тәрбиесіне, ана өнегесіне қатысты айтылған сөз. Оның ішінде алтын құрсақты аналарымыздың орны ерекше. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 328 ана "Алтын алқа", 609 ана "Күміс алқа" иеленген. 67 ана І, ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталса, 64 Батыр аналарымыз бар», - дейді аудан басшысы.