Акция аясында ауыл тұрғындары медициналық көмек алып жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 23 сәуір – 6 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Медицина жанымызда!» ұранымен акция өткізілуде. Аталған акция Қызылорда облысында Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылында бастау алды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін көмектер мен мүмкіндіктер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, флюрогорафиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиограммалық тексеру құрал-жабдықтары арқылы тексерулері жүргізіледі. Тұрғындардың акция аясында зертханалық тексерулерден де өтуге мүмкіндіктері бар.