Шақыру билеті: Мөлдір Әуелбекованың ұзатылатыны рас па?
Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың Instagramпарақшасына жариялаған жұмбақ жазбасы желідегілердің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мөлдір Әуелбекованың ұзату тойына шақыру билеті. Күні мен айы, жылы әзірге белгісіз. Шақыру билетіне осылай түседі ғой, иә?", - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын жақсыға жорып, ақ тілектерін жарыса жазды.
"Бақытты бол", "Жақсы сөз жарым ырыс. Сіз бақытты болуға лайықтысыз", "Сені алақанында аялар жігіт кездесер", "Арманыңа жет", "Ниетіңізге жетіңіз", "Өзіңізді, өнеріңізді бағалайтын азамат жолықсын деп тілейміз";
"Расымен күйеуге шыққалы жатырсыз ба?", "Әлі жассыз ғой. Тағы ана атаныңыз", "Барған жеріңде бағың жансын", "Қосағыңмен қоса ағар", "Енді адастырмасын. Алла адал жар жолықтырсын".
"Балалы әйелге қайта ұзатылуға болады ма?", "Асықпа. Енді қателеспе", "Ұлыңыз бар ғой", "Өте әдемісіз. Сіздің өнеріңізді, өзіңізді бағалай алатын ер-азамат керек", - деп пікір білдірді желідегілер.