2020 жылы 1360 ауылдық округте бюджеттің төртінші деңгейі енгізіледі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2020 жылы 1360 округте бюджеттің төртінші деңгейі енгізіледі. Былтыр 2 мыңнан аса тұрғыны бар 1062 аудандық маңыздағы қала, ауыл, елді мекендерде енген бұл жүйе оң нәтижесін берген, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Қазір Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында бюджетпен қамту деңгейі жоғары. Ал Павлодар, Қарағанды, Қызылорда өңірлерінде небәрі 23 процент шамасында. Былтыр дербес бюджеті бар ауылдық округтердің жалпы табысы 129 млрд теңгеден асты. Ал бір ауылдық округтің орташа бюджеті 122 млн теңге. Сенат төрағасы сол қаражаттың мақсатты жұмсалуына мән беруіміз керек деді. Өткен жылы 300 млрд теңгенің негізсіз жұмсалғаны анықталған.
«Ауылдық округтердің 95 пайызы датациялық және жоғарыда тұрған бюджеттерден қаржыланады. Бұл дегеніңіз, жыл сайын 98 млрд теңгеге жуық қаржы. Ал нәтиже қандай? Ол адамдардың тұрмыс деңгейін жақсартты ма? Жұмыс орны көбейді ме? Әлде сол қаржы құрдымға кетті ме?», - ҚР Сенат төрағасы Дариға Назарбаева.
«Мемлекеттік сатып алу жеңілдетілді. Бұл өте жақсы бастама. Бұрындары мемлекеттік сатып алуды бір ғана нысан арқылы 10 АЕК мөлшерінде жүргізуге болатын. Қазір бұл сома 3000 АЕК көтерілді. Ең бастысы, осы ақыға өз аумағыңнан кәсіпкер жалдауға болады. Яғни, бүкіл өңірлік экономиканы нығайту мүмкіндігі бар», - ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.