Қазгидромет: Сәуірдің 23-і күнгі ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің оңтүстігінде мол көлемде жаңбыр жауады, тек елдің солтүстік-батысында ғана жауын жаумайды. Кей жерлерде түман түсіп, жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да ықтимал.
Жамбыл облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, күндіз Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде және таң ата Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.