Медициналық сақтандыру сарапшылары мұнайшылармен кездесті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 2020 жылдан бастап қызметкерлер, азаматтардың жеңілдікті санаттарын қоспағанда, есептелген табыстың 1% - ын аударуға міндетті. Биылғы жылы жұмыс берушілер өз қаражаттарынан қызметкерге есептелген кірістің 1,5% мөлшерінде шегерім жасайды. Бұл туралы «ҚазГерМұнай» БК ЖШС ұжымымен кездесуде Әлеуметтік медициналық сақтандыруды қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары хабарлады.
ҚР-ның ірі мұнай өндіруші компанияларының бірінде басым бөлігі облыс тұрғындар еңбек етеді. Айта кету керейк, өңірдің әлеуметтік жауапты серіктесі еңбек ұжымына үнемі қамқорлық көрсетіп келеді. Осылайша, компания өз қызметкерлеріне сыйақы береді, қызметкерлердің балаларын оқытуды қаржыландырады, сондай-ақ ұжым медициналық сақтандырумен қамтылған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне (бұдан әрі – МӘМС) кірмейтін медициналық қызметтердің жекелеген түрлері ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) арқылы төленуі мүмкін, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті мерзімдік тексерулер, санаториялық-курорттық емдеу және т.б. Барлығы кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты, деп атап өтті қор сарапшылары. Жеке тұлға немесе кәсіпорын (Ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетінде қызметтерді қайталамайтын ЕМС қызметтер пакетін таңдай алады.
МӘМС пакетіне ересектер мен балаларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) пакетіне кірмейтін медициналық қызметтер кіреді. Бұл жоспарлы стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, медициналық оңалту, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қымбат зертханалық, диагностикалық қызметтер және т. б.
ТМККК пакетінің мақсаты - шұғыл және кезек күттермейтін жағдайларда әрбір адамға көмек көрсету, жалпы қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстау.
Медициналық көмекпен барлық азаматтар қамтылады, деп атап өтті мамандар. Ең бастысы - өз денсаулығыңның қоржынына уақытылы төлеу.