Тіл мәселесі талқыланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қазақтың тілі – қазақтың жаны» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті.
Ана тіліміз әлемдегі алты мыңға жуық тілдің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, орамдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарында. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.Жиында қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы мәртебесі талқыланып, шақырылған қонақтар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған қазақ тілінің жаңа әліпбиіне көшіру міндеттері аясында пікір алмасты.
Шараның мақсаты - жастарға халқымыздың мерейін тасытып, мәртебесін асқақтатуға, ұлт бірлігін нығайтып, халықтар достығын шыңдауға, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетуге, қазақ тілінің құдыреті жететінін түсіндіру.
Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде екенін және ана тіліміз қазақтың жаны екенін ұғындыру.




















