Демалысқа арналған ауа райы: Солтүстікте - қар, оңтүстікте - жауын-шашын
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК алдағы 20-22 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың оңтүстік облыстары бұрынғыдай оңтүстік фронтальдық бөліктердің және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан, демалыс күндері жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Бірақ мұнда күн жылы, күндіз ауа температурасы плюс 15...22°С дейін жылынады, ал бұл орташа көпжылдық мәнге жақын.