Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 21 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Өзіңізге кедергі келтірмеңіз. Бүгінгі күн бітпей қалған жұмыстарды аяқтауға өте ыңғайлы. Бұрын-соңды дәмін татып көрмеген тағамға тапсырыс бермеңіз. Ақшаны босқа шашпаңыз. Таңертеңмен жақындарыңызға сыпайлық танытып, олармен тіл табысуға тырысыңыз.
Торпақ
Өз уақытыңыз, ақшаңызды денсаулығыңызды нығайту мен сырт келбетіңізді қалыпқа келтіруге жұмсаңыз. Шыққан шығынға еш өкінбейтін боласыз. Сырқаттанып қалғаныңызды білсеңіз, дәрігер мамандардың кеңесін алуға асығыңыз.
Егіздер
Өз-өзіңізді дамытуға және жаңа серіктестермен танысуға қолайлы күн. Бүгін сізге қаржылай қолдау білдіретін жан табылады. Сондай-ақ қызметте жоғарылауыңызға ықпал жасайтын жақын адамдарыңыздың бар екендігіне де сеніңіз.
Шаян
Бүгін жолыңыз болады. Бірнеше қиын мәселелерді шеше аласыз. Сонымен қатар ұсақ-түйек проблемаларды да оңай еңсересіз. Әлбетте, бұл сіздің өміріңізді жеңілдете түспек.
Арыстан
Бүгінгі күн өте керемет. Көңіл-күйіңіз де көтеріңкі болмақ. Күш-қуатыңыз тасып, көптен толғандырып жүрген сауалдардың жауабын табасыз. Сонымен қатар бүгін күтпеген таныстық орын алып, қиын тапсырмаларды орындап, арманыңыз да орындалуы мүмкін.
Бикеш
Бүгінгі күн неке қиюға, сүйіктіңізге сөз салуға өте қолайлы күн. Кез келген істі қолға ала берсеңіз болады. Қандай іс жасасаңыз да барлығы сәтімен болмақ. Көптен армандап жүрген ойыңызды жүзеге асырасыз.
Таразы
Өзіңізге қажетті тауарлар мен бұйымдарды сатып алыңыз. Әдемі болғыңыз келсе, үнемшіл болмаңыз. Бірақ ақшаны оңды-солды шашпаңыз. Тек кер дүниелерге, яғни мақсатты түрде жұмсаңыз. Сіздің ішкі түйсігіңіз дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Сарышаян
Дүкен аралауға өте қолайлы күн. Қызықты, әрі, пайдалы дүниелер сатып алуыңыз мүмкін. Кешке қарай арқаңызды кеңге саласыз. Өзіңіз қалаған тәтті тағамдардан бас тартпай, өзіңізге жақсы демалыс сыйлай біліңіз. Бірақ ішімдіктен аулақ болыңыз.
Мерген
«Адам көркі - шүберек» демекші, киген киіміңізбен және сыртқы сұлулығыңыздың арқасында өзгелерден ерекшеленіп тұрасыз. Жеке өміріңізді жақсарту үшін өзіңізге сенімді болыңыз және белсенділік танытыңыз. Романтикалық кездесу сізді қуантатын болады.
Тауешкі
Ұсақ-түйекке мән беріңіз. Бүгінгі күн болмашы істің өзіне көңіл аударуды талап етеді. Бұл күні сіз досыңыздан немесе әріптесіңізден жақсы кеңес аласыз.
Суқұйғыш
Айналаңыздағыларға жақсылық тілеп, мейірімді боласыз. Сондай-ақ бүгін жалқаулығыңыз басым. Жақсы демалу үшін әдеттегіден де көп ұйықтау қажет. Сәби сүюді аңсап жүрсеңіз, ол арманыңыз көп күттірмейді.
Балықтар
Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз ескерусіз қалмайды. Білікті маман ретінде сұранысқа иесіз. Достарыңызбен және сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз жайлы болмақ. Алдағы уақытта атқаруға тиіс жұмыстар көп көңіл бөлуді талап етпейді.