Қызылордалық тұрғын 300 мың теңгеге диплом сатып алған
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы университеттен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жалған дипломды 300 мың теңгеге сатып алған облыс тұрғыны анықталды. Ол жалған құжатпен Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істер жөніндегі департаментіне келісімшартпен әскери қызметке тұрмақ болған.
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне түскен әскери қызметке үміткер ретінде тіркелген құжаттарды арнайы тексеру барысында жалған екені анықталған.
Қызылорда қаласының №2 соты баспасөз қызметінің дерегінше жалған құжат сатқан адамның үстінен қылмыстық іс қаралды.
Сот үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.