Қызылордалық полицейлерге семинар-тренинг өткізді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің барлық аудандық полиция бөлімдері және ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің жеке құрамына 10 күн бойы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг жұмысын облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшылары Бекарыс Нұриман, Гүлмира Әшірбекова және облыстық Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бағлан Бисен және департаменттің психологтары Сандуғаш Мырзахметова мен Гульвира Ақбенбетова «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен болашаққа нық қадам» тақырыбында дәріс өткізді.
Семинар барысында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы, күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіммен мен дүние-танымға әбден сіңіп қалған қағидалардан арылу, көш басындағы елдермен терезені теңеп, иық түйістіру мүмкін емес екендігі айтылды. Өзгеру үшін әр адам өзін мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің полиция қызметкері болуды бойға сіңіру қажеттілігі ескертілді.
Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің маманы сыбайлас жемқорлықпен байланысты қақтығыстарды болдырмау, алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнеролик көрсетілді.
Сана сезімді қалыпқа келтіретін қарым-қатынас деп түсіндірген психолог мамандары қызметкерлерге «Коммуникативті қарым-қатынас» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, ұжыммен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату, қызметкерлердің адамгершілік қатынасын жақсарта отырып, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Сондай-ақ тренинг барысында қатысушылардың көңіл күйін көтеруге, жүйке жүйесін демалдыруға және дене жаттығулары жасатылып, релаксациялық әдістер мен топтық шығармашылық жұмыстар жүргізілді.