8 дүркін әлем чемпионы Әсел Дәлиеваның тоғызқұмалақ туралы жаңа кітабы жарық көрді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, 8 дүркін Әлем чемпионы, еліміздегі 100 жаңа есім жобасының иегері, Түркістан облысының спортшысы әрі бапкері Әсел Далиеваның ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ туралы жазған кітаптары жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кітаптарының ішіндегі «Шеберлер талдаулары» атты еңбегі қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жазылған.
Автордың өзінің айтуынша кітап жалпы оқырмандарға арналған. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ ойынын үйренем деген барлық талапкерлерге табылмас оқу құралы.
«Бұл кітапты жазудағы басты мақсатым - төл ойынымыз тоғызқұмалақтың дамуына, өркендеуіне азда болса өз үлесімді қосу. Ұлттық ойынымызды ұлағаттау. Осы кітап арқылы мыңдаған жас ұрпаққа ойын ережелерін үйрету. Тоғызқұмалақ ойынына баулу. Бұл кітап тоғызқұмалақ үйренем деушілерге таптырмас құрал», - деп атап өтті Әсел Дәлиева.