Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Синоптиктердің болжауынша жұма күні жауын жауады, кей жерлерде қар түсуі мүмкін, жел күшейіп көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің мәліметінше, 19 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, тек батыс, солтүстікте күн райы ашық. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 метрге күшейеді, оңтүстік-батыста желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, кейде 23-28 м/с жетеді.
Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде 23 метрге дейін күшейеді.