Қазалы жастарына мемлекеттік бағдарламалар насихатталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалыда «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі және «Кәусәр» мамандар орталығы қоғамдық бірлестігі ауыл жастарымен кездесу өткізді.
Жастар жылы аясында жастарды қолдау және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша құрылған ақпараттық-насихаттық топ жұмысы Басықара және Қарашеңгел ауылдық округіне арнайы барды.
Кездесу барысында елімізде жастардың жарқын болашаққа ұмтылуына, білім алуына және жұмыспен қамтылуына зор мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылды. Атап айтар болсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Дипломмен ауылға», «Мәңгілік ел жастары индустрияға «Серпін-2050», «Жасыл ел» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша ауыл жастарына кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы жастар арасында сауалнама жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ ауыл жастары үшін жеке қабылдау жұмыстары жүргізіліп, ауыл тынысы туралы видеороликтер түсірілді.