Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерінің жұмыс уақытын өзгертті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің жұмыс уақытын оңтайландырды. Бұл туралы бүгін аталған агенттіктің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Агенттік төрағасының тапсырмасына сəйкес ведомство жəне оның аумақтық бөлімшелері ілкі режімде жаңа жұмыс уақытына көшті. Яғни, енді жұмыс уақыты бұрынғыдай 9-да емес 8-30-да басталады. Түскі асқа берілетін 1.30 минут уақыт бір сағатқа қысқарды. Оның есесіне жұмыс уақыты 17-30-да аяқталады», - деді ол.
Оның айтуынша, осы шаралардың арқасында мемлекеттік қызметшілерге отбасына және жеке өміріне көңіл бөлуіне мүмкіндік беріледі.
«Бұл ілкі жоба агенттікте сəтті жүзеге асырылатын болса онда барлық мемлекеттік органдарға таратылады», - деді Арман Бердалин.