Мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін берілетін дәрі-дәрмектер бақылауға алынады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шағын қаржылық ұйымдармен байланысқан кәсіпкерлер қарызын қайтаруға құлық танытпайды.
Былтырғы жылы мәселелі берешек 11 пайыздан асып жығылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Былтырғы жылы мәселелі берешек 11 пайыздан асып жығылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сарапшылардың пікірінше, соңғы уақытта жауапсыз кәсіпкерлер қатары артып келеді.
Өткен жылы азаматтар шағын қаржылық ұйымдардан 227 млрд теңге қарыз алған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 39 процентке жоғары. Қарапайым тұрғындардың несиесін қайтармау жағдайы 6 процентке жетті. Дегенмен кәсіпкерлердің қарызы шаш етектен.
Western Union сұранысқа ие
Қазақстан Халық банкі клиенттерінің наурыздағы Western Union арқылы аударымдары ақпанға қарағанда екі еселенген. Платформа азаматтарға 200-ден аса ел мен әлем бойынша 525 000 Western Union қызмет көрсету нүктелерінде ақша аударуға мүмкіндік береді. Өткен жылдың соңынан бері мыңдаған клиент Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия, Украина, Өзбекстан, Англия сынды 60 мемлекетте транзакция жасады. Western Union аударымдарын жолдау және алу бойынша қызметтер Halyk Bank-тің бүкіл филиалдық желісінде көрсетіледі, оған 600-ден астам қызмет көрсету пункті кіреді.
Тегін дәрі-дәрмек қолыңызға тиді ме?
Елімізде мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін берілетін дәрі-дәрмек пен медицина жабдықтары қатаң бақылауға алынады. Жаңа тәртіп негізінде арнайы белгі соғылған рецептілерге ғана ақы төленуі тиіс. Бұл ретте маусым айының соңына дейін тегін дәрі алған 5,7 млн пациентке SMS-хабарлама жолданады. Онда рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетіледі. Препаратты алмағандар «0» санын қайта жолдауы тиіс. Немесе 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алатын «СҚ-Фармация» ЖШС мен Мемлекеттік сақтандыру қоры 86,9 млрд теңгеге келісімшарт жасасқан болатын.
Сәуірдің басына дейін медицина ұйымдары 14 млрд теңгеге рецепт жазып берсе, 13 млрд теңгенің өнімі тиісінше жұмсалды, яғни пациенттерге жеткізілді.
Жыл басынан бері елімізде мұнай экспортынан 6 млрд доллар кіріс түсті. Қаңтар мен ақпанның өзінде 12,5 млн тонна шикі мұнай сатылған. Қазақстандық қара алтын Италия, Франция, Испания, Нидерланды сынды Еуропа елдері мен Оңтүстік Кореяда сұранысқа ие. Айта кетейін, Brent маркалы мұнай бағасы өткен жылғы қарашадан бері алғаш рет 72 долларға жақындады. Ал мамырдағы жеткізіліммен WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,43 долларға қымбаттап, барреліне 64,48 долларды құрады.
Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамы бір доллар 379 теңге 36 тиыннан сатылуда.