Қызылорда қалалық полиция басқармасында фронт-офис ашылды
Полиция басқармасында азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында фронт-офис ашылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы негізінде еліміздің барлық аймақтарында «OPEN SPACE» стилінде ашық кеңістікте жұмыс жасау форматында қызмет көрсететін мемелекеттік органдардың саны күн санап артып келеді.
Олардың қатарына Қызылорда қалалық полиция басқармасы да еніп отыр.
Фронт-офисте мәселелерімен келуші азаматтарға түсіндірме беріп, сауалдарына жауап беретін арнайы маман күтіп алады. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін арыз-шағымдарымен және басқа да мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдау бөлмесінің есігі әйнек есікке ауыстырылды. Фронт-офисте азаматтарға арнайы күту орындықтары қойылып, полиция басқармасы бастығы мен орынбасарларының жеке сұрақтармен қабылдау күндері кестесі ілінген.