Сырдарияда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсті
Бұл туралы бүгін аудан әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
«Сырдария ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында арнайы «Жол картасы» бекітілді. "Жол картасына" сәйкес, кент және ауылдық округ әкімдеріне көрсеткіштердің орындалуы тапсырылды. Нәтижесінде, аудан бойынша 2019 жылдың 1 сәуіріне 2113 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен (2081) салыстырғанда 1,5%-ға өсті. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1865 болып, өткен жылдың осы кезеңімен (1533) салыстырғанда 21,6%-ға артты», - деді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева.
Сонымен бірге, ауданда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендер үлесі 88,2%-ды құраған. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 75 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген.
«Кәсіпкерлікті дамыту басым бағыт екені баршаңызға белгілі. Экономикалық өсімнің негізін құраушы факторлардың бірі шағын және орта кәсіпкерлік екенін ескерсек, кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтарға қолдау көрсетуіміз қажет»,- деді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев.