Қызылордада көші-қон тәртібін бұзған 622 шетел азаматы анықталды
Бұл азаматтардың 28-і сот қаулысымен ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Kyzylprda-news.kz«Қазақстан» ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, осы шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 56 қазақстандыққа әкімшілік шара қолданылды. Көші-қон қызметкерлерінің айтуынша, қазір құрылысқа өзбектер арзан жұмысшы күші ретінде кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ, базарларда сауда-саттықпен айналысу үшін келетіндер де көп. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде мигрант мәселесі ушыға түседі. Сондықтан полицейлер қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Осыдан екі ай бұрын облыс орталығында көші-қон қызметтері орталығы ашылған болатын. Бұл да аймаққа келетін мигранттардың құжаттарын оңтайлы заңдастыруда өте тиімді болып тұр.
«Былтырғымен салыстырғанда биылғы көрсеткішіміз төмен. Себебі осы орталықтың ашылуына байланысты және өзіміз күнделікті профилактикалық іс-шара жүргіземіз. Соның арқасында биыл заңсыз жүрген шетелдіктер азайып отыр», - дейді облыстық Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Аруын Жолдасбаев.