Бірнеше келі салмақ тастаған Илья Ильин желіде қызу талқыға түсті (фото)
Азия чемпионатына қызу дайындалып жатқан Илья Ильин олимпиадалық салмаққа түсіп, қатты арықтап кеткен. Спортшының біраз салмақ еңсергенін оның жаттығу кезінде жасалған суреттерінен аңғаруға болады. Желі қолданушылары зілтеміршінің айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын айтып, оны қызу талқылауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында Азия чемпионатына дайындығы кезіндегі суреттерді жариялады.
Спортшы 20-28 сәуір аралығында Қытайдың Нинбо қаласында өтетін додада бақ сынамақ.
Зілтеміршінің жаттығу кезінде түсірілген суреттері оның айтарлықтай салмақ тастағанын аңғартады.
Бұл жайтты байқаған желідегілер Ильиннің қатты арықтап кеткенін жарыса жазуда. Олар спортшының Азия чемпионатында топ жаратынын болжады.
"Қатты азып кетіпсің" , "Сіз неге бұлай қатты арықтап кеткенсіз?" , "Сәттілік Илья, сен біздің мақтанышымызсың" , "96 келіге түсіп едің, тым арық болып кеттің. Жеңіс сенікі" , - деп жазуда көпшілік.
Анықталғандай, бұған дейін 105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Илья Ильин бұл Азия чемпионатында 96 келід ел намысын қорғамақ.