Цифрландыру:баршаға қолжетімді сапалы қызмет
Жаңақорған ауданында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы 136 телеконференция, 123 телеконсультация өкізілген. Нәтижесінде 14 науқасты облысқа ауыстырып, телемедициналық жүйенің көмегімен 90 процентке жуық пациентке ем тағайындалған, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

«Мемлекеттік қызметтер халық тұтынатын басты қызмет болғандықтан, оның халыққа қолжетімді әрі жылдам атқарылуы маңызды. Тұңғыш Прзиденттің «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде іске асып жатқан Электронды үкімет жобасының да көздейтіні осы. Айрықша атап өтерлік тағы бір бір тың жоба – @EgovKzBot телеграмм-боты. Енді осы бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Яғни, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және баланы балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті. Бір артықшылығы барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау тетігі қарастырылған», – дейді Қуаныш Мәуленов.
Электронды үкімет – цифрландыру терминінің күнделікті тұрмысқа дендеп енуімен бірге келген жаңа үрдіс. Ол мемлекет пен халықтың виртуалды байланысын қалыптастырып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуды барынша жеңілдетуге көмектеседі. Қазір қолданысы енді ғана дағдыға айналып келе жатқан электронды сервис аз уақытта халық жиі қолданатын платформаға айналып, Қазақстанды озық отыз елдің қатарына енуін жақындата түседі.