Еламан Ерғалиев допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілді
"Қазақстан барысы-2017" турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев тыйым салынған дәрілік заттарды пайдаланған үшін екі жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Айта кетейік, Еламан Ерғалиевтен пайдалануға тыйым салынған препаратты тамоксифен анықтады. Бұл препарат денеде тестостерон деңгейін едәуір арттырады.
Спортшыны дисквалификациялау мерзімі 2018 жылғы 8 желтоқсанда басталып, 2020 жылдың 8 желтоқсанында аяқталады.
Еламан 2017 жылы "Қазақстан барысы" ұлттық турнирінде жеңімпаз атанып, ұйымдастырушылардан 25 миллион теңге, алтын белбеу және «Тайтұяақ» белгісімен марапатталған болатын.