Сарыарқа газ құбырының құрылысы қарқынды жүргізілуде
Бүгін «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Орталық партия аппараты, партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов пен «Құтты мекен» партиялық жобасының жетекшісі Нұрлан Баймырзаев бастаған арнайы комиссия «Сарыарқа» магистралды газ құбырының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы жұмыстарымен танысып, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың солтүстік аймақтарды газдандыруға бағытталған тапсырмасының тиімді жүзеге асырылуына бақылау жүргізді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Атап өту керек, Қызылорда облысының аумағында орналасқан «Сарыарқа» магистралды газ құбыры Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында қолға алынған елорданы газдандыруға бағытталған ірі жобалардың бірі. «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау - Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 1061 шақырымды құрайтын газ құбырының 179 км жуығы осы Сыр өңірінен басталады. Бүгінде құрылыс-мантаждау жұмыстары «ҚазСтройСервис» ҰМҚК» АҚ қарқынды жүруде. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарыда қамтылған.«Нақты кезеңде «ҚазСтройСервис» мекемесімен «Сарыарқа» магистральды газ құбыры жұмыстарын жүргізуге 1000-ға жуық азамат пен 352 техника жұмылдырылып отыр. Азаматтар вахталық режим бойынша ауысыммен жұмыс жасайды. Жерглікті азаматтарды қоспағанда олардың қатарында Белорус және ресейлік азаматтар бар. Қазір 2 бригада күніне 4 км газ құбырын жүргізіп отыр. Қазір 30 шақырымын аяқтадық. Алда күніне 8 шақырымға дейін жұмыс жасалатын болады. Жобаны мерзімінде аяқтаймыз деді»,- «ҚазСтройСервис» ҰМҚК»АҚ-ның бас директоры Сәбит Жанасов.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында елімізде бірнеше маңызды жобалар қолға алынды. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшы-қызметкерлерге салықтық жеңілдіктер жасау, жастардың білім алуы және олардың жатақханалардағы жағдайын жақсарту, кәсіпкерлерге шағын несиелер беруді көбейту бағытындағы бастамаларда бүгінде оң нәтиже бар.
Осы бастаманың бесіншісі елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру болатын. Аталмыш жоба толық іске қосылған уақытта 171 елді мекенге көгілдір отын жетеді деп күтілуде. Оның 119 –ы Астана қаласы мен Қарағанды облысының, 51-і Ақмола облысының елді мекендері.
Өздеріңізге белгілі Партия Төрағасы «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде халықтың әлеуетін арттырып, ауылдық елді мекендердің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірнеше партиялық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Соның бірі осы «Құтты мекен» жобасы.
«Бүгін жоба аясында аймақтық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясымен бірге «Сарыарқа» магистралды газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстарына, мемлекет қаржысының нәтижелі жұмысалуына партиялық бақылау жасап, жұмысшылардың жағдайымен танысып отырмыз. Басты мақсат Партия Төрағасы, Тұңғыш Президетіміздің бес әлеуметтік бастамасының орындалысын қадағалау. Әрине, жобаның өз деңгейінде жүргізілуі өте қуантып отыр. Ең бастысы жоба іске қосылған уақытта қаншама отбасын көгілдір отынмен қамтып қана қоймай, солтүстік өңірлердегі экологияны жақсартатыны анық. Мұны өткен жылы осы магистарлды газ құбыры жобасын жүзеге асыруға тапсырма берген уақытта Партия Төрағасы, Тұңғыш Президентіміз ерекше маңыз беріп, атап өткен болатын, -деді Орталық партия аппараты партиялық бақылау қызметінің инспекторы, «Құтты мекен» партиялық жобасының жетекшісі Нұрлан Баймырзаев.