КЕЗЕКТІ СЕМИНАР-САБАҒЫ ӨТТІ
Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облыстық соты кеңсесінің бөлім басшылары, қызметкерлері мен облыс орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен семинар сабағы өтті. Аймақтық оқу орталығының ұйымдастырумен өткен семинар сабағының тақырыбы - «БААТЖ бағдарламасы бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру мәселесі».
Семинарды Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы А.А.Жұмамұратов ашып берді.
Алғашқы баяндаманы Қызылорда облыстық соты кеңсесінің бас маманы Ш.Аманқұлов «Сот отырыстарында аудио-бейне қондырғыларын қолдану» тақырыбында оқыды. Қосымша баяндамамен «Integrity A-A» ЖШС-нің жетекші маманы Е.Дабылов толықтырды.
Келесі кезекте Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі Н.Дүйсенова «Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі бағдарламасы бойынша статистикалық есептерді қалыптастыруда туындаған мәселелер» туралы баяндады.
Қызылорда облыстық соты кеңсесінің бас маманы Ш.Аманқұлов «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ЕУСС) туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Ал, «ҚР сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу мәселесі» Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі С.Смағұлова өз баяндамасында толықтай айтып өтті.
Баяндамашылардың баяндамасынан кейін қатысушылар тақырыптарды өзара талқылап, пікірлерін ортаға салды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі