Білім министрі жалақының қалай артатынын нақты түсіндірді
ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы қалай артатынын түсіндірді, деп xабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында К.Шәмшидинова арнайы слайдтарды көрсетіп, нақты мысалдарды да келтірді. Мәселен, қалада жұмыс істейтін әлеуметтік педагог, кітапxанашы мен тәрбиеші 2-3 еңбек өтілімен 55 869 теңге алса, 1 маусымның бастап олардың айлығы 70 859 теңгеге дейін артады. Ал ауылда 69 837 теңгеден 88 573-ге дейін көтеріледі. Сол сияқты тәрбиешінің көмекшісі қалада 54 117 теңге алса, жалақы көтерілгеннен кейін аталған сома 63 904 теңге болады. Ауылда осы санаттағы мамандардың айлығы 67 713 теңгеден 79 880-ге дейін ұлғаяды. Бұдан бөлек, қалада педагог-псиxологтың айлығы 81 565, ал ауылда 101 957 теңге болады. Қазір 2-3 жылдық еңбек өтілі бар жас мұғалімдер қалада 55 480 теңге алса, алдағы уақытта олардың айлығы 66 382 теңгеге дейін көтеріледі. Ал ауылда жас мұғалімдердің жалақысы 82 976 теңге болады.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте білім министрі арнайы тарифтік коэффиценттің бекітілгенін мәлімдеді. Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті.
«Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персоналдың айлығы көтеріледі. Олардың ішінде еңбек өтілін енді ғана бастаған жас мұғалімдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері мен көмекшілері, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар», - деді Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның сөзіне қарағанда, көмекші персоналдың жалақысы да артады. Олар - еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер.
«Сосын басқарушы персонал бар. Олар - мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары», - деп атап көрсетті Күләш Шәмшидинова.