Мэлс Елеусізов тағы да президент сайлауына кандидат боп тіркелді
«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов президент сайлауына қатысуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz alashainasy.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл сайлауға өзім барамын. Мені өткізбесе, демек, мен өзіме ұнаған кандидаттың командасына қосыламын», – деді Мэлс Елеусізов.
Саясаткердің сөзінше, сайлауға ол қалай болғанда да қатыспақ. Одақ басшысы тіпті заңнама өзгерген жағдайда да, президенттікке үміткер болуға барлық заңдық негізім бар деп сенімді түрде айтып отыр.