Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
13-15 сәуір аралығында ұзақ мерзімді жылы ауа райы бұзылады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райы күрт өзгереді. Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен күн жауын-шашынды болып, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел болуы мүмкін.