Президент Ақтауда ілініп тұрған өз суреттеріне қатысты: Мұндай үгіт-насихатқа мұқтаж емеспін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл - мүлде орынсыз, мен мұндай үгіт-насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?», - деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.
«Билбордтарды Елбасы бас болып, қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын», – деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.