Сырдария ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде
Сырдария ауданында 376 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы аудан бойынша 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айталық, ауданға қарасты Тереңөзек кентінің Аманкелді Иманов және Нәлқожа Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылға дейін жалғасқан болатын. 2018 жылдың қараша айында 3 қабатты 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлердің құрылысы толығымен аяқталған. Аудан тұрғындарына тұрғын үй кезегіне сәйкес 42 пәтер беріліп отыр.
Сонымен қатар, №1, 2 тұрғын үй құрылысын 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсыныс берілген.