ТӘРТІПТІК КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНЕ САЙ ЕМЕС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ЖҰМЫСТАН БОСАТУДЫ ҰСЫНДЫ
Кеше Қызылорда облысындағы тәртіптік Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің агенттігінің Қызылорда облысындағы кеңес отырысында он мәселе қаралды, деп хабарлайды тәртіптік кеңестің хатшылығы.
Бірінші мәселемен Қызылорда облысының құрылыс басқармасының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушысы (қазіргі уақытта Бөлімнің бас маманы) Қ.Шәріповтың тәртіптік ісі қаралды.
Атап айтқанда, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылындағы 300 орындық мектеп объектісінің құрылысын қабылдау барысында мемлекеттік комиссиясының мүшесі бола тұра құрылысын жүргізген «Дарын-Ж» ЖШС мердігерінен қабылдап, мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынуға дайын деп танылған.
Алайда, облыстық прокуратурасының жүргізілген тексеру барысында сараптама тағайындалып, жұмыстарды қабылдау актілерінде көрсетілген құны 7 396 040 теңгенің жұмыстары мердігермен орындалмағаны анықталған.
Мәселені талқылай келе, Тәртіптік кеңесі Қызылорда облысының құрылыс басқармасының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарған қазіргі уақытта Бөлімнің бас маманы Қ.Шәріповке қатысты Қызылорда облысы құрылыс басқармасының басшысы М.Тілеумбетовке ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының 4, 5 тармақшаларында көзделген талаптарының бұзылуына жол бергені үшін бас маман Қ.Шәріповты атқарып отырған қызметінен босату ұсынылды.
Сонымен қатар, кеңесте Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы бөлінінің жеті қызметкерінің тәртіптік істері қаралды.
Онда жаңадан жүргізушілік куәлігін алу кезіндегі жазылған бірнеше арыздың өз қолдарымен жазылмағандығы, басқа адамның қолтаңбасы екені анықталған деректер бар.
Олар өздерінің материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдаланып, өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзған.
Тергеуге дейінгі тексеру барысында арнайы іс-шаралар жүргізіліп, жаңа куәлік алушы Е.Молдабаев, С.Тасжүреков, Р.Кішкенбаевтың Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының Жол патрульдік полиция ротасы 1-взводының командирі, полиция майоры С.Молдабаевпен, сондай-ақ ӘПБ-ның бастығы А.Ахметовпен, оның орынбасары Қ.Әденовпен, жол патрульдік полиция ротасының командирі Б.Ибраевпен, оның орынбасары Қ.Рахматуллаевпен, сонымен қатар ЖППР-ның 1-взвод қызметкерлерімен ұялы телефон арқылы сөйлескен әңгімелері арнайы құрылғыға жазылған. Жазылып алынған әңгімелер бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалып, қорытындылары алынған.
Оған қоса, С.Молдабаевтың, Р.Майдабековтың, К.Сыздықовтың, Б.Махановтың, К.Әбдібековтың қызмет барысында түрлі балағат, боқтау, адамның ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтылғаны бекітіліп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудыратын қарым-қатынастар құрғаны анықталған.
Мәселені талқылай келе, облыстық Тәрптіптік кеңесі Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы бөлінінің взвод командирі С.Молдабаевқа, Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы саптық бөлінінің қызмет инспекторы Р.Майдабековке, Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы бөлінінің полицейі К.Сыздықовқа, Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы саптық бөлінінің полицейі Б.Махановқа, Қызылорда облыстық ІІД-нің ҚііБ-ның жол-патрульдік полиция батальонының кезекші бөлімінің кезекшісінің көмекшісі К.Әбдібековке, Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы саптық бөлінісінің полицейі Р.Баймұратовқа және Қызылорда облыстық ІІД-нің ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция ротасы саптық бөлінісінің полицейі С.Бабасовқа қатысты тәртіптік істерді қарап шықты.
Облыстық Тәртіптік кеңесі К.Сыздықов еңбек демалысында болуына байланысты, оған қатысты тәртіптік іс тоқтамға алынса, облыстық ішкі істер департамент басшысы Ж.Сүлейменовке С.Молдабаев, Р.Майдабеков, Б.Маханов, К.Әбдібеков ҚР Президентінің 03.05.2005 жылғы № 1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс» Кодексінде көзделген талаптарды сақтамай, қызметтік тәртіпті өрескел бұзып, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергендері үшін оларды атқаратын қызметтерінен босату (жұмыстан шығару) түрiндегі тәртiптiк жазасын қолдану ұсынылса, Р.Баймұратов пен С.Бабасов Елбасының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс» Кодексінде бекітілген талаптарды сақтамай, қызметтік тәртіпті өрескел бұзып, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылыққа жол бергендері үшін оларға қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаларды қолдану ұсынылды.